Ақтөбе әуежайы базасынан 23 тоннадан аса дизель отынын ұрлағандар қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полицейлері 23 тоннадан аса дизель отынын ұрлаған екі ер адамды ұстады.
None
None

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе стансасындағы Ішкі істер желілік басқармасының қызметкерлері «Ақтөбе-Орск» тас жолының бойында 1991 және 1971 жылы туылған жүргізушілердің басқаруындағы цистерна тіркемесі бар «КамАЗ» маркалы екі жүк автокөлігін ұстады.

Тексеру кезінде тіркеменің бойлерінде 23 тонна дизель отыны бар екендігі анықталды, тәркіленді, деп хабарлайды Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Тексеру барысында ұсталғандардың бұл отынды Ақтөбе қаласы Халықаралық әуежайының жанар-жағармай материалдары базасынан құйып алғаны және оның аумағынан ешқандай тиісті құжаттарсыз Ресей Федерациясының Орск қаласына қарай жолға шыққаны анықталды.

Жанар-жағармайдың құжаттарын тексергенде аталған көліктердің жүргізушілері «пеш отынына» арналған құжаттарды көрсеткен.

Зертханада жүргізілген химиялық сынақтар аталған автокөліктерден табылған сұйықтықтардың дизель отыны екендігін көрсетті. Сондай-ақ, өлшем жасалған кезінде оның жалпы көлемі 23 тонна 214 литр дизель отыны екендігі анықталды. Келтірілген материалдық шығын 1 миллион 600 мың теңгені құрады.

Қазір осы дерек бойынша ҚР ҚК 197 бабының 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. (Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу).

Соңғы жаңалықтар