Ақтөбе дәріханаларының бірінде құрамында есірткі бар дәрі-дәрмектер рецептсіз сатылған

Мәселен, 18 ақпанда фармацевтикалық фирмалардың бірін тексеру кезінде «Реланиум», «Морфин» сияқты құрамында есірткі заттары бар және жүйкеге әсер ететін дәрі-дәрмектерді сатуда бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде 5000-ға жуық дәрі-дәрмек тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 265 бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілуде.
19 ақпанда тексеру кезінде дәріханалардың бірінде құрамында есірткі заттары бар дәрілердің рецептсіз берілу фактісі анықталды. Нақтырақ айтқанда, «Тропикамид» дәрісінің 26 қорапшасы, «Пенталгин - П» дәрі-дәрмегінің 35 түйін дәрісі рецептсіз сатылған.
Дәріханашы бұл дәрілерді есірткіге тәуелді адамдарға сатқан. Олар оны көпшілік арасында «Қолтырауын» атанып кеткен есірткі затын дайындауға қолданады.
ҚР ӘҚб кодексінің 324 бабы бойынша дәріхананың директорын жауапкершілікке тарту жөнінде материал жиналды.