«Ақтөбе» мен «Каспий» тең түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-турында «Ақтөбе» мен «Каспий» тең түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбелік клуб биыл жүлделі орынға үміткер саналады. Сондықтан әрбір ойында жеңіске жетуге күш салып отыр.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Дегенмен бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Осылайша командалар 0:0 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, бұдан бұрын «Тобыл» «Мақтаралдан» 1:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ, «Қайсар» сырт алаңда «Қайратты» жеңді.
Еске салсақ, 20 мамырда «Жетісу» өз алаңында «Атыраудан» 0:3 есебімен жеңілді.
Ал «Шахтер» «Ақсуды» - 2:1, «Астана» «Қызылжарды» 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Дәл қазір «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) кездесуі өтіп жатыр. Әзірге 1:0 есебімен шымкенттік клуб алда келеді.