Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында жарық толық өшірілді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Облыс әкімі шұғыл жиын өткізді. Жиында қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды.

әкімдігі
Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асхат Шахаров жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырындағы өртке байланысты жағдай қаралды. Төтенше жағдайлар департаменті, полиция департаменті және өзге де басқарма басшылары қазіргі ахуал жөнінде баяндады. Қазіргі уақытта әкімдік ғимараты электр желісінен толық ажыратылған.

- Әкімдік - жай ғана ғимарат емес, бұл өңірдің тұтастай басқару жүйесін жүзеге асыратын нысан. Мұнда әрбір тұрғынның өміріне әсер ететін маңызды шешім қабылданады. Бүгін біз төтенше жағдаймен бетпе-бет келдік, алайда ең бастысы - қызметкерлердің қауіпсіздігі біздің басты назарымызда. Барлық қызмет үйлесімді жұмыс жүргізіп жатыр. Біз әкімдік жұмысының қысқа мерзімде қалпына келуін қамтамасыз етіп, жағдайды жою барысы туралы тұрғындарға толық ақпарат береміз, - деді Асхат Шахаров.

Сондай-ақ әкімдік аумағындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, салдары толық жойылғанға дейін өрт сөндіру және жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды тапсырды. Өрттің шығу себебін анықтау үшін жан-жақты тексеру жүргізіледі.

Есңе салсақ, Ақтөбеде әкімдік ғимаратының алдына жедел штаб құрылды. Өрт сағат шамамен сағат 20:28-да болды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің қызметкерлері ертең онлайн жұмыс істеуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар