Ақтөбе облысында 34 адам қар құрсауында қалған

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – ТЖМ баспасөз қызметі Ақтөбе облысында қар құрсауында қалған 34 адам құтқарылғанын мәлімдеді.

Ақтөбе облысында 34 адам қар құрсауында қалған
Фото: ҚР ТЖМ

Түн ортасында Ыргыз ауданының аттас ауылынан 15 шақырым жерде 4 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылар ішінде қалған 15 адамды, оның ішінде 2 баланы жылыту пунктіне эвакуациялады.

Таңға жақын жоғарыда аталған жерде құтқарушылар қар құрсауынан жол талғамайтын көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарып, оны ең жақын елді мекенге дейін ертіп барды. Салонда 3 адам болды.

Сондай-ақ, Әйтеке би ауданында «Жүргенов-Сарат» автожолында 3 автокөлік қар құрсауында қалып, ішіндегі 2 баланы санағанда 12 адам құтқарылып, Жүргенов ауылына жеткізілді.

Таңертең Мұғалжар ауданы Жұрын ауылынан 10 км қашықтықта ТЖМ күшімен Ембі қаласына 4 адам құтқарылып, жеткізілді.

Ауа райының бұзылуына байланысты екі облыстағы республикалық жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар