Ақтөбе облысында 11 шетелдік азамат ел аумағынан шығарылды

Оның қорытындылары бойынша ҚР-да болу ережелерін бұзған 690 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жедел-алдын алу шарасының барысында полицейлер таяу және алыс шетелдің азаматтарына пәтерлерді жалға беретін тұлғаларды, құрылыс нысандарын, саяжайларды, оқу мекемелерінің жатақханаларын тексерді.
Соттардың шешімдерімен таяу шығыстың 11 тұрғыны ел аумағынан шығарылды.
187 шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында болу мерзімдері қысқартылды. Тұлғасын куәландыратын құжаттарсыз жүрген ТМД-ның 31 азаматы арнайы қабылдау-абақтысына қамалды.
Сондай-ақ полицейлер 370 ақтөбелікті әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың 248-і шетелдіктерге баспананы құжаттарсыз және тіркеусіз ұсынған,ал 85 адам олар қабылдаған шетелдік азаматтардың ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, 37 ақтөбелік гастарбайтерлердің қызметтерін заңсыз пайдаланған.