Ақтөбе облысында «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» автосайысы басталды

АҚТӨБЕ. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін жол полициясы басқармасы ғимаратының жанында ҚР Жол полициясы комитетінің ұйымдастыруымен «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» автосайысы басталды.
None
None

Оған полицейлер, жергілікті атқарушы, білім беру органдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысуда.

ІІД баспасөз қызметі жетекшісінің міндетін атқарушы Ерболат Сарқұловтың айтуынша, 6 күннің ішінде экспедиция мүшелері облыстың 12 ауданына баруды жоспарлауда, біріншісі - Хромтау ауданы болмақ.

Шара барысында жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен педагогикалық қызметкерлердің балалардың жол-көлік апатынан жарақаттанушылығының алдын алу мәселелерін қарастыратын семинар-кеңестер өткізіледі.

Мектеп оқушыларына жол қозғалысының қауіпсіздігі бойынша «Жолдас көмекке асығады» оқытушы анимациялық сериалы көрсетіледі, жүргізушілерге жадынама, бүктемелер таратылады.

Ағымдағы жылдың басынан облыста 92 жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан 9 адам қаза тауып, 126 адам жарақаттанды.

Соңғы жаңалықтар