17:53, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
Ақтөбе облысында жас инспекторлар слеті өтті
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасында жол қозғалысы жас инспекторларының слеті өткізілді, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның атап өтуінше, іс-шараның басты мақсаты - балалардың және жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол апатын ескерту және оқушылардың жол қозғалысы ережесін үйренудегі білімін арттыру.
Шара барысында облыстың 11 мектебінен келген командалар жол қозғалысы ережесін білумен байланысты түрлі конкурстар бойынша сынға түсті. Нәтижесінде бірінші орынды Темір ауданының командасы иеленді. Олар «Балдәурен» оқыту-сауықтыру орталығының базасында өткізілетін Республикалық слетке қатысатын болады. Сонымен қатар әр командаға бағалы сыйлықтар табысталды.
Слет облыстық білім және жол полициясы басқармаларының ұйымдастыруымен өткізілді.