Ақтөбе облысында жолдар ашылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе республикалық маңызы бар жолдар қайта ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында жолдар ашылды

Бүгін таңертең көктайғаққа байланысты республикалық, халықаралық маңызы бар жолдар жабылған болатын.

«27 желтоқсан күні сағат 15:20-да ауа райының өзгеруіне байланысты Самара - Шымкент тасжолының Қобда – Батыс Қазақстан облысы, Бекқұл баба ауылы - Қарабұтақ аумағы, Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз арасындағы жолдардан шектеу алынды. Сонымен қатар «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» тасжолының Қарауылкелді ауылы – Атырау облысы арасы ашық. Ақтөбе қаласы – Мәртөк – Орынбор арасы мен Солтүстік айналма жолмен жүруге болады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.