Ақтөбе облысындағы ірі жол апаты жайлы жаңа мәліметтер

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - 4 адамның өліміне себепкер болған ірі жол апаты жайлы жаңа деректерді Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Ақтөбе-Алға автожолының 18-ші шақырымында «Тойота-Corolla» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі Ақтөбеден Алға қаласына келе жатып, рульді басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Темір ауданының 42 жастағы тұрғыны басқарып келе жатқан «Опель-Вектра» көлігіне соқтығысты. Апат салдарынан «Опель» көлігінің жүргізушісі мен жолаушы және «Тойоттаның» екі жолаушысы алынған ауыр жарақаттан ЖКО орнында ажал құшты. Сондай-ақ «Тойота» көлігіндегі бір жарым жасар бала мен екі жолаушы түрлі ауырлық дәрежесіндегі жарақаттармен Ақтөбе қаласының ауруханасына жеткізілді.

Апаттың себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында бірқатар сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлімі (жол-көлік қағидасын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталмыш бап бес жылдан он жылға дейінгі бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Соңғы жаңалықтар