Ақтөбе облысының әкімі ҰҚКД және ІІД қызметкерлеріне арнайы операция барысында кәсіби шеберлік танытқаны үшін алғыс білдірді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысында ҰҚК департаменті мен өңірлік ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне лаңкестікке қарсы операция барысында ерлік пен кәсіби шеберліктерін көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Облыстың ҰҚКД мен ІІД-нің 10 қызметкері облыс әкімінің алғыс хатын алды.

Бұдан басқа, ҚР Бас прокуроры Жақып Асановқа, Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымовқа, ҚР ҰҚК төрағасы Владимир Жұмақановқа алғыс білдірілген хат жіберілді.

Ішкі істер департаменті мен ҰҚК барлық жеке құрамы апта бойы туыстары мен жақындары, өз қауіпсіздіктері жайлы ұмытып, күшейтілген режімде қызметттерін атқарды.

«Әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындардың өліміне алып келген лаңкестікті жою операциясы баршамыз үшін де, мемлекетіміз үшін де үлкен сынақ болды. Күш құрылымдары лаңкестерге қарсы тұра білгенін, өздерінің кәсібилігін көрсете біліп, жұдырықтай жұмылып әрекет еткенін атап өткім келеді. Қылмыскерлерді ұстау бойынша Президенттің тапсырмаларын лайықты және ерлікпен орындадыңдар. Террорға қарсы операция қысқа уақытта аяқталып, қылмыстық топтың тиісті адамдарының көзі жойылды», - деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар