Ақтөбе полициясы тұрғындардан 9 миллион теңгеге қару сатып алды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер тіркелмеген қаруларын тапсырып жатыр. Облыстық ІІД жыл басынан бері 180 қаруды 9 миллион теңгеге сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде қару сатып алу акциясы жалғасып жатыр. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрі, жарылғыш зат сатып алу шарасы кезінде 181 бірлік қару тапсырылды.

«Биыл 18 ойық, 159 тегіс ұңғылы қару сатып алынды. Травматикалық қару да бар. Оқ-дәрі саны 400-ден асты. Қару сатып алу жұмыстарына республикалық бюджеттен 9 миллион теңге бөлініп, қаржы толық игерілді»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Айта кетейік, 2013-2016 жылдары аралығында ақтөбеліктер 2300-ден қару-жарақ тапсырылды. Жарылғыш зат, оқ-дәрілер мен қару сатып алуға 112 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалды. 

Соңғы жаңалықтар