Ақтөбе облысында тағы 19 ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысында ішімдіктен бас тартқан ауылдар саны бес айда 40-тан 59-ға дейін өсті.

Ақтөбе облысында тағы 19 ауылдың тұрғындары ішімдіктен бас тартты
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Ішімдіктен бас тартқан ауылдың көбі Шалқар, Мұғалжар және Темір аудандарында тіркелді.

— Алкоголь өнімдерін сату және тұтынудан ерікті түрде бас тарту бастамасын қолдаған ауылдар саны 59-ға жетті. Бүгінде бұл ауылдарда 14 616 адам тұрады. Әйтеке би ауданында — 4, Алға ауданында — 3, Байғанин ауданында — 6, Ырғыз ауданында — 2, Мұғалжар ауданында — 8, Темір ауданында — 7, Ойыл ауданында — 4, Қобда ауданында — 4, Мәртөк ауданында — 9, Шалқар ауданында — 9, Қарғалы ауданында — 2 және Хромтау ауданында 1 ауыл қолдады. Өңірде бұл бастаманы ең алғаш 2017 жылы Ойыл ауданының Қарасу ауылы қолдаған, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, мамыр айында Ақтөбе облысы бойынша 40 елдімекен алкоголь өнімдерін тұтынудан бас тартқаны туралы жазылды. Ішімдіктен бас тартқан ауыл ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп отыр.