Ақтөбеде 19 жастағы қыздың өмірін қиған жол апатына қатысты жаңа деректер шықты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе 7 шілде күні болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен 19 жастағы жігіт ауруханадан шығарылды. Облыстық ІІД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаровтың айтуынша, көліктер жолда жарыспаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 19 жастағы қыздың өмірін қиған жол апатына қатысты жаңа деректер шықты

«Ақтөбе облыстық ІІД жол-көлік оқиғасына қатысты істі тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиға орнында түрлі дене жарақатын алған 19 жастағы жігіт ауруханада ем қабылдап шықты. Ол қазір емін үйінде жалғастыруда. Ал дене жарақатын алған жүргізуші әлі ауруханада. Қазіргі күні көліктің техникалық жағдайын анықтайтын бірнеше сараптама тағайындалды. Куәгерлер мен бейнекамералардағы деректерге сүйеніп, жол- көлік оқиғасы кезінде көліктер жарыспағанын анықтап отырмыз. Тергеу жалғасып жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық ІІД бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров. Оның айтуынша, бейнекамерадағы жазбалар бірнеше нүктеден алынған.

Айта кетейік, егер 19 жастағы жүргізушінің кінәсі толық дәлелденсе, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ , жол оқиғасы кезінде қаза болған Сюзанна Гамидованың апасы Екатерина Гамидова бір арта бұрын бейнекамераларға саябақтағы апаттың түсірілмегені туралы жазған болатын. Ол өз бетімен кәугерлерден көмек сұрады.