19:28, 25 Қаңтар 2020 | GMT +5
Ақтөбеде ақтүтек боран соғып, жолдар жабылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде - ақтүтек боран, жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысында Ақтөбе-Қарабұтақ, Ақтөбе - Орынбор, Ақтөбе - Қобда және Ақтөбе –Темір бағытындағы жолдар жабылды. Автокөлік иелерінен бұған түсіністікпен қарауды, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұраймыз», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.