Ақтөбеде әлеуметтік нан бағасы өзгерді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысында әлеуметтік нан бағасы 86 теңгеден 106 теңгеге көтерілді.

Ақтөбеде әлеуметтік нан бағасы өсті
Фото: Дарья Аверченко/Kazinform

«Ақтөбе» ӘКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, кейінгі 4 жылда Ақтөбеде бір бөлке әлеуметтік нан 86 теңгеден шығарылып, дүкендерде 87 теңгеге сатылды. Нан өндірушілер бағаны өсірудің бірнеше себебін атап өтті. 

— Әлеуметтік нан бағасы бекітілгелі бері коммуналдық қызмет тарифі (газ, электр қуаты, су) екі есе өсті, шикізат құны (ашытқы, қант, өсімдік майы, ұн), жанар-жағармай бағасы көтерілді. Сонымен бірге жыл сайын жұмысшылар жалақысы өсті. Сондай-ақ құрал-жабдықтар мен көлік кейде істен шығып қалады. Олардың бәрін үнемі жаңарту керек. Нанның нарықтағы бағасы қазір 120 теңгеден жоғары болса, өндірушілер оны 86 теңгеге сатты. Бұл шығын. Сондықтан 7 наурыздан бастап әлеуметтік нан бағасы 106 теңге болды, — деп хабарлады «Ақтөбе» ӘКК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, былтыр күзде өңірлердегі нан бағасының қанша тұратынын білдік.

Соңғы жаңалықтар