Ақтөбеде ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесулері өтуде

Ауыл тұрғындары негізінен сумен жабдықтау, жарық беруді жақсарту, балабақшаларды салу, жолдарды жөндеуден өткізу, қоғамдық көлік жұмысын жақсатуға байланысты мәселелерді көтерді.
Әр кездесу барысында бақылауға алынатын 30-ға жуық сұрақ пен ұсыныс келіп түседі, жұмыс қорытындысы бойынша әр округ бойынша тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың нақты жоспары дайындалады. Бұл мәселелер, сондай-ақ, 2014 жылғы бюджетті қалыптастыру кезінде де есепке алынатын болады, - деп атап айтты қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Томчук.
Соңғы жылдары қаланың ауылдық округтері айтарлықтай кеңейген және атқарушы билік инженерлік инфрақұрылымды және әлеуметтік объектілерді жақсартуға күш салуда. Осылайша, өткен жылы Ақжар-2, Заречный-2 кенттерінде жаңа мектептер тапсырылды, Заречный-4 кентінде 1000 орындық мектеп салынуда. Белогор және Сазды мектептері газбен жылытуға көшті. Белогор мектебі қаладағы көмірмен жылытылатын жалғыз мектеп болатын. Оңтүстік-Батыс және Жаңа кенттерінде жаңа балабақшалар ашылды. 8 жаңа дәрігерлік емхана салынды. Құрайлы ауылдық округінде мәдениет үйіне арналған ғимарат сатып алынды. Мәдениет үйінің қажеттігі туралы мәселені тұрғындар біраз уақыттан бері көтеріп келген еді. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін мәдениет үйі барлық ықылас білдіргендерді үйірмеге, мәдени іс-шараларды өткізуге қабылдай алады.
Ауылдық округ әкімдерінің есеп беру кездесуі президент жарлығына сәйкес, әр тоқсан сайын өткізілетін болады, ол тұрғындарға өзін-өзі басқару үрдісіне белсенді атсалысып, өздерінің көтерген мәселелерінің шешілуі мен округ әкімінің жұмыс істеуі барысын қадағалауға мүмкіндік береді.