Ақтөбеде автобус өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде автобус өртіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде автобус өртіне қатысты жан-жақты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлімі, яғни, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы бойынша іс қозғалған. 

Айта кетейік, өрттен аман қалған адамдарды санитарлық авиациямен облыстық жедел жəрдем ауруханасына жеткізеді.

Бұған дейін Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Қалыбай ауылы маңында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.  Өзбекстан ТЖМ марқұмдардың 52-сі өзбекстандық екенін растады. Сондай-ақ, Өзбекстанның Республикасының Қазақстандағы консулы Шухрат Тешабаев Алматыдан оқиға орнына аттанды.

Соңғы жаңалықтар