Ақтөбеде автобусы бұзылған қырғызстандықтар эвакуацияланды

автобус
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Самара-Шымкент тасжолының Хромтау ауданы аумағында қырғызстандықтар мінген автобус бұзылып қалды. Ондағы 30 жолаушы эвакуацияланды, деп хабарлайды Kazinform.

Оқиға бүгін сағат 11-00-де болды. «Самара-Шымкент» тасжолының Хромтау ауданы аумағында қырғызстандықтар мінген автобус бұзылып қалды.

- Қырғызстан-Ресей бағытындағы жолаушылар автобусынан ақау шықты. Автобус ішінде 30 жолаушы болды. ТЖД және жергілікті атқарушы орган өкілдерінің күшімен жолаушылар Хромтау қаласындағы кемпингке жеткізілді. Олар медициналық көмекті қажет етпеді,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, түнде Қарабұтақ-Қостанай тасжолында автобус бұзылып, шетелдіктер жылыту бекетіне орналастырылды.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram