Ақтөбеде боранда жолда қалған 131 адам жылыту бекетіне орналастырылды

жолда қалды
Фото: видеодан алынған кадр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысында бірнеше аудан орталығына 131 адам жеткізіліп, жылыту бекеттеріне орналастырылды. Қазіргі кезде жолдар мен кемпингтерде 2 мыңнан астам көлік бар.

Ақтөбе облыстық ТЖД боранға байланысты жолда қалған адамдар мен оларды құтқару жұмысын үздіксіз жүргізіп жатыр. 

жол
Фото: видеодан алынған кадр

Облыс аумағында 7 республикалық және 6 облыстық маңызы бар автокөлік жолдары жабық.

Қарғалы, Қобда, Әйтеке би, Алға ауданы орталықтарында 131 адам, оның ішінде 9 бала жылыту пунктіне орналастырылды. 

— Сондай-ақ жолдар және кемпингтерде 2 мыңнан астам автокөлік бар. Қазіргі уақытта адамдарды эвакуациялау және автомобильдерді шығару бойынша авариялық-құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар