Ақтөбеде бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жарияланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті бұрынғы полиция қызметкері Марат Баевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінде жедел уәкіл болып жұмыс істеген Марат Баевқа іздеу жарияланды. 42 жастағы бұрынғы полиция қызметкері бір кездері өзі де күдіктілерді іздеп, қылмысты ашу қызметін атқарған. Ақтөбе қаласының тұрғынын қазіргі кезде Мемлкеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті іздеп жатыр.

Департамент кез келген ақпарат құпия сақталатынын және жақсы сыйақы тағайындалатынын жеткізген. Байланыс телефондары 8 7132 56-64-52. Ұялы байланыс: 8 701 776 26 22.

Соңғы жаңалықтар