Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы халықаралық тасжолда жол-көлік оқиғасы жиілеп кетті. Бүгін жол апатына ұшыраған екі жеңіл көлікте екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, екі адам көз жұмды

Халықаралық және республикалық маңызы бар тасжолдарда жол-көлік оқиғасы көбейді.

«Бүгін Самара-Шымкент тас жолының 908 шақырымында Nissan жеңіл автокөлік жүргізушісі көлік қозғалысының қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, Mercedes маркалы жүк көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Nissan автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полиция қызметкерлері жол-ережесін қатаң сақтауға және жылдамдықты асырмауға үндеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе-Атырау тасжолында жеңіл және жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші көз жұмды.