Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе - Атырау тасжолында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты

Оқиға 30 қазан күні сағат 19: 30 –да тіркелді. Ақтөбе-Атырау тасжолының Байғанин ауданы Ноғайты ауылы маңында «Mitsubishi Lancer» автокөлігінің 21 жастағы жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, «Volkswagen Passat» автокөлігімен соқтығысты. Жол–көлік оқиғасы салдарынан «Mitsubishi» автокөлігінің жүргізушісі мен «Mitsubishi» және «Volkswagen» автокөліктерінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал «Volkswagen Passat» автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу« бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбе облыстық полиция департаменті жүргізушілерге жолда өте мұқият және абай болуды ескертеді»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.