Ақтөбеде карантинге қарамай үйлену тойларын өткізген 8 мейрамхана анықталды
Ақтөбе қаласында 9-10 сәуір күндері мониторингтік топ рейд жүргізді. Барлығы 10-нан астам карантин режимін бұзу фактісі анықталды.
«Дублин», «Elexir» караоке клубтары жұмысын тоқтатуы тиіс еді. Олар жұмысын заңсыз жалғастырды. Сондай-ақ, «Шағыр», «Қазақстан», «Бар», «У Мираса» қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік арақашықтық сақталмады. Дер кезінде тамақтану орнын жаппады. Талап бойынша 22:00-ге дейін жұмыс істеуге ғана рұқсат бар. Ал «Тойхана», «Юрта», «Ақжелен», «Құрмет Холл», «Арна», «Акниет», «Колизей», «Асату» мейрамханаларында 50 адамнан 200 адамға дейін жинап, үйлену тойларын, еске алу шарасын өткізгені анықталды. Бәрі тоқтатылып, адамдар үйіне таратылды»,- деп хабарлады қала әкімдігі.
Карантиндік шектеу шараларын бұзғандарға қатысты материалдар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жіберілді.