16:37, 17 Тамыз 2021 | GMT +5
Ақтөбеде кішкентай балалар «ГАЗельді» өртеп жіберді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 5, 6 және 7 жасар балалар аулада тұрған көлік ішінде ойнап, от тұтатқан. «ГАЗель» толық жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт Ақтөбе қаласының «Спецавтобаза-2» бау-бақша ұжымында тіркелді. «ГАЗель» автокөлігі өртенді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен өрт сөндіру қызметі жіберілді. Анықтау кезінде оны 5, 6 және 7 жастағы үш көрші баланың жағып жібергені белгілі болды.
«Балалар автокөлік бортында ойнап, орындықтың жұмсақ бөлігін өртеп жібергенін айтты. Машина толығымен жанып кеткен. Балалардың бұзақылығы үшін ата-аналары жауапқа тартылады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.