Ақтөбеде қоқыстан табылған нәресте келесі аптада сәбилер үйіне ауыстырылады
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қазір құжаттары рәсімделіп жатыр. Сәби дін аман, денсаулығы қалыпты.
Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәресте әзірге ауруханада.
- Қазір құжаттарды рәсімдеу жұмысы жүріп жатыр. Полиция бәрін реттеген соң сәбилер үйіне тапсырамыз. Шамамен келесі аптаның ортасында сонда ауыстырамыз,- деп хабарлады баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Ақтөбеде қоқыстан шақалақ табылды. Оны сол маңда ойнап жүрген жасөспірімдер көріп, ересектерге хабар берген.
Полиция сәбиін қоқысқа тастап кеткен анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Алайда сәбидің анасы әлі табылмады.