Ақтөбеде «Құқықтық тәртіп» алдын алу шарасы барысында 3 қару тәркіленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары жүргізілуде.
None
None

Облыс аумағында 12-14 желтоқсан күндері аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы ұйымдастырылған. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға облыс бойынша 1000-нан астам қызметкер, оның ішінде ішкі әскер бөліністері, заң институтының оқытушылары мен тыңдаушылары, құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері тартылып, 153 автокөлік жұмылдырылған.

«Іс-шараның бірінші күні облыс бойынша 24 қылмыс тіркелді. Тәулік ішінде полиция қызметкерлері 9 қылмыстың «ізін суымай» ашты. «Мүлдем төзбеушілік» қағидасы бойынша 830 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде есірткі затын қолданудың 1, ұсақ бұзақылықтың 59, спирттік ішімдіктер ішу мен қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 91, кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз тұрғын- жайдан тыс жүрудің 25, Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзу бойынша (ТМД елдерінің азаматтары) 15 және жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтың 503 фактісін анықталды. Заңсыз сақталған 3 бірлік қару алынды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар