Ақтөбеде күйеуі әйелін өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстың ІІД баспасөз қызметі ағымдағы жылғы 19 шілдеде сағат 14-тер шамасында кезекші бөлімге өз пәтерінде күштеп өлтіру белгілерімен ерлі-зайыптылардың мүрдесі табылғандығы жайлы хабарлама түсті.
None
None

Бұл факті сот алды тергеу тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында отағасы әйеліне өткір затпен дене жарақатын келтіргені, артынша өзіне-өзі қол салғаны анықталды.

Баспасөз қызметі сондай-ақ қылмыс жасаған зайыбы 2014 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар