Ақтөбеде маскүнемдер жиі жиналатын үйлер анықталды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Қала мен аудандарда мұндай 62 үй мен пәтер бар. Полиция айыппұл салып, енді бірін мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіп жатыр.

Ақтөбеде маскүнемдер жиі жиналатын үйлер анықталды
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе облысы аумағында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Полиция ішімдік ішіп, отбасы мен көршілерінің мазасын алатын адамдарды анықтады.

- Үй аралап тексеру және азаматтардың арыз-шағымы негізінде 62 мекенжайдағы адамдарға шара қабылданды. Мысалы, Алға қаласының тұрғыны жанжал шығарғаны үшін 10 тәулікке қамалды. Сонымен бірге маскүнемдерді жинап, ішімдік ішкен тағы екі адам мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Мәртөк, Хромтау, Шалқар, Мұғалжар аудандарында полиция 20 тұрғынға барып, түсіндіру жұмысын жүргізді,- деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

 Ақтөбеде маскүнемдер жиі жиналатын үйлер анықталды
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласы Есет батыр тұрғын алабының тұрғындары көпқабатты үйге бейнебақылау камерасын орнатып, бақылауға алуды сұрады. Камера орнатылса Жедел басқару орталығына қосылады.

Айта кетейік, Павлодарда балаларын үйде қамап ұстаған маскүнем ата-ана анықталды. 3 баланы прокурорлар рейд барысында анықтап, құтқарған. Оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, әлеуметтік қорғау органдары бақылауға алды.