Ақтөбеде өткен тәулікте авариялық-құтқару және іздеу жұмыстары жүргізілді
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облысында республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдарда авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстары жүргізілді. 10-ға жуық адам құтқарылды.
Ақтөбеде боран соғып, кеше 6 бағытта жол жабылды. Қазіргі кезде тек Хромтау-Қарабұтақ аралығында ғана шектеу бар.
– Сыйымдылығы 9 мыңнан асатын 142 жылыту пункті дайындыққа келтірілді. Облыс халқын құлақтандыру Darmen мобильді қосымшасы, SMS-хабарлама және әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырылды. Сондай-ақ өткен тәулікте облыс жолдарында 7 авариялық-құтқару жұмысы жүргізілді. Оның ішінде 4 адам құтқарылды. Екеуі бала, өзгесі ересек адам. Тағы 3 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ол кезде 2 адам құтқарылды, - деді Ақтөбе облысының ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Аслан Арзымбетов.
Еске салсақ, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрды.