Ақтөбеде пара алудан бас тартқан полицей марапатталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкері ішімдік ішіп, рульге отырған жүргізушіге айыппұл салған. Ал жүргізуші полиция қызметкеріне сыйлық беріп, жазадан құтылмақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департамент басшысы Мирлан Мұхамбетов сыйлық берген адам туралы хабар берген полиция қызметкері Әсет Зайнуллинді марапаттады. Алғыс хат алған полиция қызметкері бұған дейін «Lexus» көлігін тоқтатып, ішімдік ішкен жүргізушіге айыппұл салған. Сол кезде Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 608 - бабы, 1 – бөлігімен әкімшілік хаттама толтырған. Бірақ жүргізуші полиция қызметкерінің телефонын тауып алып, оған өз алғысын жазып, 5 мың теңге салып жіберген. Ақша аударымын растайтын қағаздың суретін қоса берді.

«Полиция қызметкері Әсет Зайнуллин бұл хабарлама мен аударылған ақша туралы облыстық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына айтты. Бұл оның өзінің жұмысына адал, антына берік екенін көрсетеді.Қазіргі уақытта заң бұзып, сыйлық берген жүргізушіге 200 АЕК, яғни, 505 мың теңге айыппұл салынды», - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттіктің облыстық департаменті.

Соңғы жаңалықтар