Ақтөбеде партия атынан ауыл әкіміне үміткерлер тіркелді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде үміткерлерді тіркеу жалғасып жатыр. Бір тәулікте тағы 8 адам өтініш берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысындағы аумақтық сайлау комиссиялары үміткерлердің құжатын қабылдап жатыр. Кеше «ADAL» саяси партиясы екі үміткердің құжаттарын тіркеді. Бірі Қарғалы ауданының Қосестек, екіншісі Хромтау ауданының Ақжар ауылы әкіміне кандидат. Облыстық сайлпу комиссиясының мәліметіне сүйенсек, Әйтеке би ауданының Әйке, Байғанин ауданының Қызылбұлақ, Көлтабан, Ойыл ауданының Көптоғай, Қобда ауданының Сарбұлақ, Талдысай ауылдары әкімінен үміттілер өзін-өзі ұсынды. Қазіргі кезде үміткерлердің құжаттары тексеріліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін облыс бойынша 8 үміткер өзін-өзі ұсынды. Көбі Шалқар ауданында тіркелді. Кейбірі Ақтөбе қаласында тұрса да ауылға әкім болудан ниетті.

Еске салсақ, 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау туралы Конституциялық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған болатын.

Ұлттық экономика министрлігі ауыл әкімерін тікелей сайлау қалай өтетіндігін 9 және ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин әкім сайлауына түсетін кандидаттарға қойылатын талаптардың себебін түсіндірді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауыл әкімдерін сайлау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.


Соңғы жаңалықтар