Ақтөбеде шағын көлшікте балық қырылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Барлығы 45 келі балық жиналды. Мамандар су мен балықтан сынама алды.

ы
Фото: Видеодан алынған скрин

Ақтөбе қаласы маңындағы Жіңішке өзеніне құятын шағын көлшікте балық қырылды. Болжам бойынша қыста балыққа оттегі жетпеген. https://www.instagram.com/reel/DWVwOh4gJ4b/?igsh=ZTY0am1mcGlqNWI5

- Мамандар көлшік учаскесіне барып қараған соң дерек расталды. Өлген балық шабағының (мөңке-ред.) жалпы салмағы - 45 кг. Мамандар өлген балықты жинау жұмыстарын ұйымдастырды. Балық және су сынамалары зертханалық тексеру үшін алынды. Өзен учаскесінің тайыздығын ескере отырып қыс мезгілінде су ағыны болмаған, оттегі жетіспегеннен қырылған деген болжам жасалды. Балықтың нақты өлу себебі зертханалық тексеру нәтижелерінен соң белгілі болады. Оңтүстік батыс шағын ауданындағы көлшік облыстық жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары тізбесіне кірмейді. Бұл көктемгі су тасуынан және қар суларынан пайда болған көлшік,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.

Бұған дейін хабарлағарымыздай, Ақтөбе қаласының ортасымен ағатын Сазды өзенінде балық қырылды. Инспекция мамандары 20 келі балық жинады. Балық сынамасы талдауға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар