Ақтөбеде тағы бір ауылдың адамдары эвакуацияланды

Ақтөбе
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылынан 74 адам эвакуацияланды.

Ақтөбе облысы бойынша түнде жаңбыр жауып, су деңгейі көтерілді. Салдарынан Мұғалжар ауданы Жағабұлақ ауылында Жем өзені көтерілді.

- Су деңгейі көтерілген соң қауіп туындады. Барлығы 74 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Оларды мұнай компаниясының вахталық қалашығына орналастырды. Медициналық көмек қажет болмады. Ауылда екі ауланы су басты, - деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ауылда барлығы 1 300-ден астам адам тұрады. 

Еске салсақ, кеше түнде Шалқар ауданының Бүйректөбе ауылының тұрғындары эвакуацияланды. 

Соңғы жаңалықтар