Ақтөбеде төтенше жағдайлар қызметкері мен тәртіп сақшылары марапатталды
Ақтөбе облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Марғұлан Аманбаев Байғанин аудандық ТЖБ аға инженері Нұртілек Қарабалинге «Батыл жүрек» номинациясы мен Нұрсұлтан Назарбаев қорының Алғыс хатын табыстады. Нұртілек Шамғонұлы 2020 жылғы қаңтар айында 4 авариялық-құтқару, 1 іздестіру-құтқару жұмыстарына шығып, қар құрсауында қалған жалпы саны 35 автокөлікті қауіпсіз аймаққа көшіруге және жоғалған азаматты іздеп-табуға елеулі үлес қосты.
«Құтқаруға барғанда кішкентай балаларды да көрдім. Оларды аман-есен шығарып алып, адамдарды жылыту бекеттеріне жеткіздік. Бұл біздің міндетіміз. Ал біз борышымызды адал атқарамыз», - деді Нұртілек Шамғонұлы.
Сондай-ақ облыстық ПД қызметкерлері Мұратбек Нұрмағанбетов пен Ерболат Жаңабаев ТЖМ «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісі берілді. Олар биыл қыста Ақтөбе қаласында Қарғалы тұрғын алабында орналасқан көпқабатты үйдің жертөлесінен бір адамды аман алып шықты. Зардап шегушіні қауіпсіз жерге эвакуациялап, дәрігерлер келгенге дейін қажетті медициналық көмек көрсетті.