Ақтөбеде тұз тапшылығы болмайды: 120 тонна тұз жеткізілді
АСТАНА. KAZINFORM — Сауда және интеграция министрлігі Ақтөбеде тұз бағасы тұрақты екенін мәлімдеді.
Министрліктің мәліметінше, сауда желілерінің сөрелерінде негізінен отандық өндірушілер «Аралтұз» және «Ассоль», сондай-ақ Ресейде өндірілген «Илецкая» тұздарының өнімдері сатылып жатыр.
Ал «Анвар» және «Дина» сауда желілері басшылығының мәліметінше, биылғы жылдың 3 желтоқсанында олардың қоймаларына әрқайсысы 120 тоннадан бір-бір вагон тұз жеткізілген. Бұл өңірдің орташа айлық қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Келіп түскен өнім бөлшек сауда нысандары арасында таратылып жатыр.
— Бұдан бөлек, жолда тағы да екі вагон (120 тонна) тұз келіп жатыр, олар келесі апта келеді. Қазіргі уақытта Ресейде өндірілген тұзды теміржол көлігімен тасымалдауда туындаған қиындықтарға байланысты оның жеткізілімінде кідірістер бар, — делінген ведомство хабарламасында.
Жалпы, қолдағы бар қор мен жоспарланған отандық өнім жеткізілімі өңірдің тұзға деген қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Аралтұз» тұзының көтерме бағасы — 85 тг, бөлшек саудадағы бағасы — 97 тг.
«Ассоль» тұзының көтерме бағасы — 54 тг, бөлшек бағасы — 62 тг.
«Илецкая» тұзының көтерме бағасы — 48 тг, бөлшек бағасы — 51 тг.
Соңғы уақытта тұздың бөлшек бағасы өзгерген жоқ.
Анықтама үшін Өңір халқының тұзға деген жылдық қажеттілігі — 1 390 тонна, орташа айлық қажеттілік — 116 тонна.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ас тұзы тапшылығы сезіле бастағанын жазған едік.