Ақтөбеде заңсыз саудамен айналысып жүрген 36 шетелдік азамат анықталды

АҚТӨБЕ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «базар» жедел-алдын алу шарасын өткізудің алғашқы күнінде қала базарларында заңсыз саудамен айналысып жүрген 36 шетелдік азамат анықталды,
None
None

деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінен.

Олардың үшеуі Қырғызстан азаматтары, қалғандары - өзбекстандықтар.

Қазіргі уақытта 21 шетелдік азаматқа қатысты сотқа жіберілу үшін әкімшілік материалдар дайындалды. Аталған шетелдік азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартқаннан кейін сот жұмыс берушілерді - Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тарту мәселесін шешеді.

Соңғы жаңалықтар