Ақтөбеде жедел жәрдемге жасалған хакерлік шабуылдан соң қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбеде жедел жәрдем бекетіндегі байланыс нөмірі істеп шығып, хакерлік шабуылдан соң полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Kazinform.

хакер
Фото: Pixabay

Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем бекетінің 103 нөмірі істен шығып, 5-7 қараша күндері бірнеше сағат байланыс үзілді.

Байланысшылар тексеру жүргізіп, хакерлік шабуыл жасалғанын анықтады.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің «ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникациялар желісінің жұмысын бұзу» бабы бойынша іс қозғалды.

Қазір тергеу жүріп жатыр.

11 қаңтар күні кешкілік тағы да 103 қызметіне хабарласу мүмкін болмады.

— Шақыртуды Ахуалдық орталық арқылы қабылдайды. Жедел жәрдем бекетіндегі байланысты қалпына келтіру үшін «Қазақтелеком» АҚ жұмыс істеп жатыр, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Техникалық кедергілерге байланысты ахуал орталығы да +77132512605, +7 (713-25) 1-26-09, +7 (713-25) 1-26-11, +77132512661 байланыс нөмірлерін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар