Ақтөбеде жоғалған оқушының денесі өзеннен табылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Оқушы 30 қараша күні кетіп, үйіне қайта оралмаған. Оның денесін сүңгуірлер өзеннен тапты. 

Ақтөбеде жоғалған оқушының денесі өзеннен табылды
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Ақтөбеде оқушы моншада жұмыс істейтін досына көмектесуге барып, үйіне қайта оралмаған соң еріктілер іздеу жариялады. 10-сынып оқушысы 30 қараша күні сағат шамамен 12:30–да үйінен шыққан.  Ал полиция кеше 112 құтқару қызметіне 16 және 27 жастағы екі адамның жоғалғанын, іздеуге көмек қажет екенін айтқан.

— Іздестіру-құтқару шараларына ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері және полиция қызметкерлері тартылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына дрон, кинологтар мен сүңгуірлер, жүзу құралдары қолданылды. Кеше іздестіру-құтқару шаралары барысында ТЖД сүңгуір бөлімі жоғалған жасөспірімнің денесін тауып, судан шығарып алды. Материал процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция қызметкерлеріне берілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге ТЖД құтқарушылары бүгін дрон пайдаланып, 1998 жыл туған екінші адамның денесін тапты. Оның денесі өзен жағасынан 30 метр қашықтықтан табылды.

— Іздестіру барысында өзен жағасынан із-түзсіз жоғалғандардың ұялы телефондары табылды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі адамның денесін жағаға шығарды. Олардан зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталады, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Жамбыл ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде екі күн бұрын қойшы 700 қойымен бірге құмды аумақта адасып кеткен. Полицейлер қалың тұманда адасып кеткен қойшыны тапты

Соңғы жаңалықтар