Ақтөбеде жол құрылысына қатысты 20-дан астам іс сотта қаралып жатыр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбеде қала бойынша 17, аудандарда 9 жоба бойынша іс қаралып жатыр. Ал биыл жол құрылысына, жөндеуге 60 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.

АИТВ
Фото: ҚазАқпарат

Ақтөбе облысында 2022-2024 жылдар аралығында 1200 шақырымнан астам жол жөнелді. Оған 133 млрд теңге қаржы жұмсалды. Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі жәнек автобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаевтың айтуынша, жергілікті деңгейдегі жолдардың 78 пайызы жақсы және қанағаттанарлық деңгейге жетті. 

- Биыл жол инфрақұрылымына 60 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді. 36 жоба – ауданаралық және облысаралық жергілікті маңызы бар жол. Ал 120 жоба – ауылішілік, қалаішілік жол. Биыл 56 ауылдағы жолды жөндеуге 9,9 млрд теңге бөлінді. Бұл дегеніміз 100 шақырым жол,- деді Есет Аманбаев. 

Ақтөбе облысы бойынша салынған кейбір жол құрылысы бітпей жатып шұрық-тесік болып қалды. Былтыр Үкімет басшысы Олжас Бектенов Жұрын-Қаракөл бағытындағы асфальттің үгітіліп қалғанын айтып, сынады

Жергілікті әкімдік сол кезде мердігерді жосықсыз деп тану үшін сотқа жүгінді.

Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі жәнек автобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Есет Аманбаевтың айтуынша, Жұрын-Қаракөл-Ащысай бағытының 15-30 шақырымы қабылданып, жол Мұғалжар аудандық ТҮКШ бөліміне өтті. Ал 0-15 шақырымы әлі қабылданбады. Мұнда 1 шақырым жолда жөндеу жұмысы аяқталмаған.

Есет Аманбаевтың мәліметіне сүйенсек, өңірде 26 іс бар. Оның 17-і қалада, 9-ы аудандарда. Көбіне тапсырыс беруші жұмысын тиісті деңгейде орындамаған мердігердің үстінен арыз түсірген. Әсіресе жосықсыз деп тануды сұрады. 

Соңғы жаңалықтар