Ақтөбеде жолды күтіп ұстау талабын орындамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - ​ Әкімшілік полиция басқармасының жол және техникалық инспекция бөлімі қызметкерлері тексеру жүргізіп, 52 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жолды күтіп ұстау талабын орындамаған лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды

Елді мекендердегі жолға және жол құрылыстарына 300-ден астам тексеру жүргізілді. Кемшіліктерді жою үшін 282 ұйғарым берілді. Сондай-ақ лауазымды тұлғалар жолдарды күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 631-бабы бойынша жауапқа тартылды.
«Барлығы 52 лауазымды және заңды тұлғаны әкімшілік жауапқа тартты. Ауа райы күрт өзгеріп, жолға жауапты мердігерлер уақтылы қарды тазаламады, инертті материал қолданбады. Жергілікті атқарушы органдарға ескерту берілді. Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін сақтауды, қолайсыз ауа райы жағдайында аса мұқият болуды ескертеді»,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.