Ақтөбеде жүргізушілер тасымалдау қызметін тегін атқарып жүр

көмек
Фото: видеодан алынған кадр

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбеде ГАЗель жүргізушілері гуманитарлық көмек орталықтарындағы жүкті тегін тасымалдап жүр.

Су тасқыны басталған сәттен-ақ гуманитарлық көмек орталықтары ашылып, оларға алдымен өңірдегі ГАЗель жүргізушілері қолұшын созды.

көмек
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Еріктілер мен гуманитарлық орталық мамандары, жүк тасымалдау көлігінің иелері ортақ чатта отырып, бар ұйымдастыру жұмыстарында белсенділік танытты.

Хабарлама түскен сәтте-ақ көмекке келетін олар аудан, ауылдарға да барды. 

— Еріктілер жеткізілген жүкті қабылдап, сұрыптап, тиеуге дайындап қояды. Әкімдік кестесі бойынша аудандарға тікұшақпен де, ГАЗельмен де жүк жібердік. Бүгінге дейін 40-50 ГАЗель жүк тасымалданды. Көлік иелері ақша сұрамады, жанар-жағармай қайда демеді. «Ойыл ауданына 4 ГАЗель керек» деп жазамыз, өздері келеді. Фотоға түсіреміз, олар апарып тапсырады. Сонымен бірге жеңіл көлік иелері де сондай қызмет атқарып жүр, — деді Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ләззат Оразбаева.

көмек
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform

Айта кетейік, бүгін Ақтөбеге әнші Димаш Құдайберген келіп, № 40 орта мектептегі эвакуациялық пунктке барды. Онда тұрғындармен кездесті.

Сонымен бірге гуманитарлық көмек орталығындағы жұмыспен танысты. Мұнда еріктілер күні-түні жұмыс істеп жүр.  

гуманитарлық көмек
Фото: Алтынай Сағындықова/Kazinform
Соңғы жаңалықтар