Ақтөбедегі әскери қызметшінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақтөбе облысында әскери қызметшінің суицид жасауына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Өскемендік шенеунік әскери қызметті кейінге қалдырғаны үшін пара алған
Фото: Kazinform

«Осы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды. Құрлықтағы әскер қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген Ақтөбе гарнизоны таратқан ақпаратта.

Бұған дейін Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде әскери қызметші — сарбаз көз жұмғанын жазған едік.

Мұндай оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кетті. Еске салсақ, жуырда ғана ШҚО-да мерзімді қызметтегі әскери қызметші қаза болды.  7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі — суицид.

Соңғы жаңалықтар