Ақтөбедегі газ зауытындағы өртке жұмыс берушілер кінәлі деп танылды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Ақтөбе облыстық мамандандырылған әкімшілік сотында мұнай компаниясының шағымы негізінде апелляциялық іс қаралды. Онда зауытта болған жазатайым оқиғаға жұмыс беруші кінәлі деген шешім өзгеріссіз қалды.

Ақтөбе газ зауытындағы өрт
Фото: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбенің Жаңажол кен орнында былтыр өрт болып, төрт жұмысшы зардап шекті. Ауруханаға түскен 2 адам көп ұзамай күйіктен көз жұмды.

Осыдан соң Ақтөбе облыстық еңбек инспециясы басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп, жазатайым оқиғаға жұмыс беруші кінәлі деп танылды. Ал «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-на тиесілі Жаңажол газ өңдеу зауытының басшылығы болса, еңбек инспекциясы жасаған актінің қорытындысымен келіспеді.

- Былтыр Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының бұйрығымен арнайы тергеу жөніндегі комиссия құрылды. Тергеуден соң акт толтырылды. Үш жұмысшының жарақат алғанына 100%, ал төртіншісіне 80% жұмыс беруші кінәлі деп танылды. Компания акт қорытындысына келіспей, сотқа шағым түсірді. Комиссия құрамына күмәнмен қарап, өрттің нақты себебі анықталмағаны, арнайы тергеу жүргізу тәртібінің бұзғылғаны туралы айтты әрі актіні заңсыз деп тануды сұрады. Сот «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ы ұсынған дәлелдемелерді негізсіз деп танып, тергеу кезінде өрескел бұзушылықтар болмады деген қорытындыға келді. Шешім заңды күшіне енген жоқ,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар