Ақтөбедегі жол апаты кезінде аман қалған балалар облыс орталығына жеткізілді

None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Покровка-Жанажол бағытындағы жол-көлік апатында аман қалған балалар бүгін облыс орталығына жеткізілді. Көлік ішінде барлығы 11 адам болса, оның бесеуі көз жұмған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға өткен жексенбіде тіркелді. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында «Lada Largus» автокөлігі аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және 3 жолаушы, оның ішінде бір бала оқиға орнында, тағы бір жолаушы Кеңкияқ ауруханасында көз жұмды.

«Кеңқияқ ауруханасына жеті адам жеткізіліп, оның біреуі қабылдау бөлімінде көз жұмды. Ал біреуіне кеше ота жасалды. Сол жақтағы дәрігерлердің айтуынша, науқастың ішіне қан кеткен. Ал 2016 және 2018 жылы туған балалар екінші және үшінші дәріжелі шок алған. Қан қысымы тұрақты емес. Екі кішкентайды облыс орталығына жібердік. Қазіргі кезде екі адам амбулаториялық ем алу үшін үйіне жіберілді. Екеуі емін жалғастырады»,- деді Темір аудандық ауруханасының бас дәрігері Сержан Жанахметов.

Науқастардың көбі бас-ми жарақатымен түсті. Дәрігерлер екі күн бойы бақылауда ұстап, облыс орталығындағы әріптестерімен кеңесіп отырды.

Еске салсақ, тамыз айының ортасында осы Темір ауданында жол апатынан төрт адам көз жұмды. Ол кезде жеңіл және жүк көлігі соқтығысты.

Сонымен бірге әкелі-балалы екеуі де жолда мерт болды.



Соңғы жаңалықтар
telegram