Ақтөбеге Қызылордадан қосымша күш келді

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облысына Қызылордадан әскери қызметкерлер келді. Олар Ырғыз ауданына жіберілді.

Ақтөбеге Қызылордадан қосымша күш келді
Фото: Видеодан алынған скрин

Ақтөбедегі көктемгі су тасқынына қарсы күрес жұмыстарына Бауыржан Момышұлы атындағы 28237 әскери бөлімінен әскерилер жұмылдырылды. 

— Қызылордадан келген 30 әскери Ырғыз ауданына жіберілді. Қызметкер қосалқы күш ретінде келді. Ырғыз ауданында жағдай тұрақты, — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау мен Қызылордадан қосымша күш келетіні туралы айтылды. Олар аудандарға жіберіледі. Қазіргі кезде Ақтөбеде қайықпен қатынап жүрген ауданға техникалық көпір салынып жатыр. Техникалық көпір құрылысы 3 күнде аяқталады.

Ойыл ауданының тұрғындарын өзен арқылы өткізуге 5 қайық шығарылды

Соңғы жаңалықтар