Ақтөбелік өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Жүргізуші куәлігінен айырылған ақтөбелік мас күйінде қайта рульге отырғаны үшін өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетейік, 14 қаңтар күні сағат 00:10-да патрульдік полиция қызметі 101 атқыштар бригадасы ауданында Тойота-Камри көлігін тоқтатқан. Көлік иесі жүргізушісі куәлігінен айырылғанына қарамастан қайтадан мас күйінде рульге отырған.
«№2 Ақтөбе қалалық соты оны Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Оған 40 мың теңге айыппұл салынды және өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, биыл мас күйінде көлік жүргізген 9 ақтөбелік көлік жүргізу құқығынан айырылды.