Ақтөбелік жігітті ұрып, саңырау қылған полиция қызметкерінің аты-жөні аталды
Ақтөбе облысы Байғанин ауданының 26 жастағы тұрғыны Аслан Сәрсенғалиев бір жылдан бері естемейді. Арада ұзақ уақыт өткен соң сөйлеу қабілеті нашарлап, дыбыстарды дұрыс айта алмай қалған. Полиция қызметкерлері мен тергеушілердің табалдырығын тоздырған Сәрсенғалиевтер облыс прокуратурасынан көмек сұрады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, соққы алған жігіт бірнеше күн бойы жансақтау бөлімінде жатып, ем қабылдаған.
«Ақтөбе облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы Аслан Сарсенғалиевтің арызы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Темір аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Айбек Алишев қатысты Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Сот сараптамасы тағайындалды»,- деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.