Ақтөбеліктер өз қолдауын білдірген бейнероликті Головкиннің жанкүйерлеріне жолдады

Ақтөбе қаласындағы 25 қабатты тұрғын үйдің қасбеті жарықтандырылып, сағат 22:00-2:00 аралығында түрлі түске боялып жүр. Жарықтандыру компаниясы таяуда «GGG Ақтөбе верит в победу!» ролигін дайындап, іске қосқан.
«Геннадий Головкинді қолдап, арнайы өз лебізімізді жеткіздік. Алдағы уақытта қалада болып жатқан іс-шараларды қамтып, мемлекеттік мерекелерде құттықтау арнаймыз. «Ақтөбе» футбол командасын қолдап, толыққанды экранды ұтымды пайдалануды мақсат еттік»,- деді жарықтандыру компаниясының директоры Ұлан Қозыбақов.
Жаңа идея авторлары түнгі көріністі бейнеге түсініп, боксшы Геннадий Головкинге жіберген. «Ақтөбеліктер Лас Вегасқа барып, Головкин мен Альварестің жекпе-жегінде боксшымызға қолдау көрсетеді. Біз жанкүйерлер арқылы өз бейнеролигімізді беріп жібереміз. Негізі әлеуметтік желіге салып, оған белгі бердік. Алдағы күндері қолдауымызды қазақ тілінде де жеткіземіз»,- деді Ұлан Қозыбақов.
Айта кетейік, алдағы уақытты ақтөбеліктер 25 қабатты тұрғын үйдің қасбетінде бірнеше құттықтаулар мен қанатты сөздерді тамашалай алады. Елбасының «Ақтөбе - құтты мекен» сөзі де жазылатын болады.