Ақтөбелік құтқарушылар 4 көлікті қар құрсауынан шығарды

АСТАНА. KAZINFORM — ТЖМ мамандары 14 адамды құтқарып, эвакуациялады.

Ақтөбелік құтқарушылар 4 көлікті қар құрсауынан шығарды
Фото: Видеодан алынған кадр

— Бүгін түнде Хромтау қаласы «Самара-Шымкент» автожолының 850 шақырымында жолаушылары бар 3 жеңіл автокөлік пен бір жүк көлігі қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмады. Көлік ішінде 14 адам, оның ішінде 2 Өзбекстан Республикасының азаматы болды, - деп жазды ведомстводан.

ТЖМ құтқарушылары мен 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына вахтовканмен келіп, көлік құралдарын жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды.

Көліктердегі 14 адамды Хромтау қаласының кемпингіне эвакуациялады.

ТЖМ дауылды ескертулерге назар аударып, ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекеннен тыс жерге жолға шықпауға кеңес береді.

Бұған дейін ТЖМ құтқарушылары жоғалған екі адамды тапқан болатын.

Соңғы жаңалықтар